Жолаушы ұшып келе жатқан лайнерден секірмек болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан кадр видеодан кадр

Үндістандық IndiGo әуекомпаниясының жолаушысы депрессия салдарынан ұшып келе жатқан лайнердің апатты жағдайда ашылатын есігін ашып, секіріп кетпек болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The New York Post басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Үндістандық IndiGo әуекомпаниясының жолаушысы депрессия салдарынан ұшып келе жатқан лайнердің апатты жағдайда ашылатын есігін ашып, секіріп кетпек болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The New York Post басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Оқиға Үндістанның ішкі рейсінде Гувахатиден Агарталуға ұшу кезінде болған. Әуе сапары кезінде 41 жастағы Бисваджит Дебнатх кенеттен орнынан тұрып апатты жағдайда ашылатын есікке беттеген. Мұны көрген басқа жолаушылар мен экипаж мүшелері оны тоқтатпақ болған, алайда ол барынша қарсылық көрсеткен. Жолаушылар ұшақ жерге қонғанға дейін бортсеріктерге ер адамды ұстап тұруға көмектескен. Діттеген жерге жеткен кезде үндістандық ер адамды полиция алып кеткен.

Дебнатх ұзақ уақыт бойы депрессиямен күрескен екен. Осылайша ол өз әрекетін түсіндірген. Оған рейс жолаушыларының өміріне қауіп төндіргені және экипаж мүшелеріне шабуыл жасағаны үшін айып тағылды. Бортта 180 адам болған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная