Жолаушы ұшақ иллюминаторынан жанартаудың атқылауын видеоға түсірді

Ұшақ жолаушысы Орталық Америкада жанартаудың атқылауын иллюминатордан көріп, ерекше табиғи құбылысты видеоға түсірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Желіде жарияланған видеодан Гватемаладағы Фуэго жанартауының кратерінен қара түтін шығып жатқанын көруге болады.

"Фуэго жанартауы Орталық Америкадағы ең белсендісі. 2018 жылы маусымда осы жанартаудың атқылау салдарынан 16,6 миллион халқы бар Гватемала елінің 1,7 миллион адамына әсер еткен", - делінген видеоның сипаттамасында.

Қазіргі уақытта ел билігі жанартауға жақын маңда орналасқа елді мекендерден 900-ге жуық отбасыны эвакуациялаған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!