Жер-жаһан 19 наурыз 2024 13:39

Жолаушы ұшақ дәретханасында өзіне қол салмақ болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

EVA Air әуекомпаниясының жолаушысы ұшу кезінде өз-өзін өлтіруге әрекеттенді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Mirror басылымына сілтеме жасап.


EVA Air әуекомпаниясының жолаушысы ұшу кезінде өз-өзін өлтіруге әрекеттенді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Mirror басылымына сілтеме жасап.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес оқыс оқиға 15 наурызда Бангкоктан Лондонға ұшатын рейсте болған.

Суицидке барған жолаушы ұшақ дәретханасынан табылған. Экипаж мүшелері оған бірден алғашқы көмек көрсетті. Дегенмен қонғаннан кейін зардап шеккен азамат дәрігерлерге тапсырылды.

Әзірге оқыс оқиғаның себептері белгісіз.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!