Жолаушы штурвалға ие болып, ұшақты үймен соқтығысудан аман алып қалды

Францияда жолаушы ұшақ апатын болдырмады, әйтпегенде әуе кемесі тұрғын үйлерге соқтығусы мүмкін еді. Әйел адам бірінші рет штурвалды қолына алған, себебі 66 жастағы ұшқыштың жүрегі ұстаған, - деп хабарлайды Ouest-France басылымы. 

Екі орынды Dragonfly ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін, 30 минуттан соң ұшқыштың жүрек ұстамасы болған. Ол кезде ұшақ Францияның солтүстік-батысындағы Морбиан департаментінің үстінен ұшып бара жатқан. Жолаушы өзі ұшақты басқарып, тұрғын үймен соқтығысудан аман алып қалып, ұшақты батпақты жерге қондырған. 

Ұшқыш қайтыс болған, әйел адамның жарақаттан аман, алайда ол ауыр шок алған күйде ауруханаға жеткізілген. Басылым мәліметінше, жергілікті тұрғындар бұл ақпаратты растаған: "Ұшақ тұрғын үйлерге соқтығыспау үшін біраз маневр жасаған".

Сурет ouest-france.fr сайтынан