Жолаушы нәсілшілдікке жол берген әуекомпанияны сотқа берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

United Airlines жолаушысы стюардессамен түскі ас үшін дауласам деп рейстен шығарылды. Енді ол нәсілшілдікке жол берген әуекомпанияны сотқа берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Yahoo News сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

United Airlines жолаушысы стюардессамен түскі ас үшін дауласам деп рейстен шығарылды. Енді ол нәсілшілдікке жол берген әуекомпанияны сотқа берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Yahoo News сайтына сілтеме жасап.

64 жастағы Қытай тумасы, америкалық Юбо Мяо Чикагодан Сан-Диегоға ұшып бара жатқан рейске екі сөмкесімен және ланч-боксымен көтеріледі. Мұның барлығын ол жоғарғы сөреге салмақшы болады. Алайда стюардесса қарсылық танытып, тамағы салынған ыдысты алдыңғы орындықтың астына салуды өтінеді. Екеу ара дау туындайды. Салдарынан ұшқыш ер адамды рейстен түсіру туралы шешім қабылдады.

Мяо өзінің арызында экипаж мүшелері еуропалық жолаушыға азық-түлікті жоғарғы сөреде қалдыруға рұқсат еткенін атап өтті. Юбо Мяо бұл істі нәсілдік кемсітушілік деп санады. Енді ол әуекомпаниядан моральдық шығын ретінде 100 мың доллар өтемақы талап етіп отыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная