Жолаушы естен танған ұшқышты алмастырып, ұшақты қондырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

АҚШ-та жолаушы есінен танып қалған ұшқышты алмастырып, ұшақты қондырды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі CNN басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-та жолаушы есінен танып қалған ұшқышты алмастырып, ұшақты қондырды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі CNN басылымына сілтеме жасап.

Лас-Вегастан Колумбусқа бағыт алған Southwest Airlines әуекомпаниясының әуекемесінің ұшқышы рейс кезінде өзін жайсыз сезінген. Оған дереу медициналық көмек қажет болды.

Ер адамға лайнер бортында жолаушы ретінде отырған басқа бір әуетасымалдаушының дипломды ұшқышы көмекке келген. Ол экипаж кабинасына кіріп, Southwest Airlines компаниясының екінші ұшқышы ұшақты басқарып отырған уақытта радиобайланысты орнатқан. Есінен танып қалған капитанды лайнердің артқы бөлігіне апарған. Капитанға осы рейсте болған медбике көмектесті.

FlightAware.com порталының мәліметінше, ұшақ әуеде 1 сағат 17 минут болған. Ұшақ Лас-Вегасқа қайта оралған, содан кейін резервтік экипаж бортқа кіріп, жоспар бойынша Колумбусқа ұшқан. Денсаулығы нашарланған ұшқыш ауруханаға жеткізілді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная