Жолаушы әуежайда матраста демалып, жұртты таңғалдырды

Орландо әуежайында жолаушы рейстер арасында демалудың ерекше жолын тапты. Куәгерлер ер адамның суретін жариялады, - деп хабарлайды Mirror.co.uk.

Ер адам күту залына үрлемелі матрас әкеліп, ұшу алдында ұйықтап алуды жоспарлаған. Сондай-ақ, ол көк көрпе жамылған. "Кереует" тым үлкен болып, жол жүретін аумақты жауып, туристер отыратын орындықтардың арасын бұғаттаған.

Кейбір Желі қолданушылар ер адамның бұл ісіне тәнті болып, әуежайдың күту залында ұйықтау ыңғайлы екенін жазған. Алайда матрастың тым үлкен екенін және басқаларға кедергі жасайтынын айтқан. "Бұл өзімшілдік", - деп жазды пікір қалдырушы. Сондай-ақкей пікір қалдырушылар әуежай күзетшілері күту залында мұндай әрекеттерге рұқсат бермейтінін жазды.