Жоғарыдан құлдилаған қойтас көліктерді тас талқан етті - видео

Үндістанда таулы аймақта жоғарыдан құлдилаған қойтас екі көлікті тас талқан етті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі. Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты, тағы үш адам зардап шекті.

Нагаленд штатының билік өкілдерінің мәліметінше, қатты жауған жаңбырдың салдарынан 29-ұлттық тасжолда тастар төмен құлаған. Оқиғаның видеосы жариялады, оны артта тұрған көліктердің бірінде тұрған видео түсіру құрылғысы түсірген.

Видеода алып қойтастың бір орында тұрған көліктердің үстіне түскенін көруге болады. Қатты соққыдан көліктердің бірі мыжылып, ештемеге жарамсыз еткен. Тастардың жолында тұрған үш көліктің бүлінгені соншалық, оларды жөндеуге келмейді екен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жарнама үшін: 87088002208 (@tarazy.kz)

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!