Жиһанкез ұшпай-ақ әлемнің 203 елінде болған

Дания азаматы ұшақ қызметін пайдаланбай әлемдегі барлық елде болған алғашқы адам болды. Тор Педерсен 9 жыл 7 ай және 13 күн бойы үздіксіз саяхаттаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Men Today басылымына сілтеме жасап.

Теңізші әрі БҰҰ бітімгері болған Тор Педерсен саяхатқа 2013 жылы 10 қазанда шыққан. Оның саяхаты әлдеқайда аз уақыт алар еді, алайда ол пандемия кезінде екі жылдай Гонконгта қалуға мәжбүр болған.

"Мен сәл жылдамырақ қозғалсам саяхат уақыты ары кетсе төрт жылға созылар деп ойладым, бәлкім үш жарым жыл", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от A Life in Dublin (@alifeindublin)

Саяхат кезінде ер адам әлемдік рекорд орнатып қана қоймай, отау құрып та үлгерген. Ол жарымен пандемия кезінде танысқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Thor Pedersen (@onceuponasaga)

Әйелі онымен бірге саяхатқа шықпаған, алайда ара-тұра ұшақ қызметін пайдаланып кездесіп тұрған. Ол ерінің табандылығына тәнті болатынын алайда күнделікті өмірде жиі көргісі келетінін айтқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Thor Pedersen (@onceuponasaga)

Том таяу уақытта саяхатқа шығуды ойламайды. 10 жыл бойы саяхаттау ауыр тәжірибе болған сыңайлы. Сол себепті оның қайталайтын түрі жоқ. Ендігіде ол жарымен тыныш өмір сүруді қалайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Thor Pedersen (@onceuponasaga)

Жиһанкез әр сапарын видеоға, фотоға түсіріп, деректі фильм шығаруға дайындалып жатыр екен. 2024 жылы оның туындысы жарияланады, әзірге тек трейлері шыққан.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!