Жиі ұшатын турист неге ұшаққа бірінші болып отыратынын айтты

Әуекемесіне бірінші болып отыру ең жақсы шешім болып көрінбеуі мүмкін, өйткені сіз әркім өз орнын тауып, багажды орналастырғанша, ұзақ күтіп қалуыңыз мүмкін. Алайда, ұшаққа ерте отыру түсетін кезде уақытты үнемдейді. Бұл туралы әуекомпаниялардың қызметін жиі пайдаланатын турист әлеуметтік желіде айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром сайтына сілтеме жасап.

Блогердің айтуынша, мұның бәрі сіздің қол жүгіңізді қайда салғаныңызға және оны қаншалық оңай ала білуіңізге байланысты болады.

"Егер сіз эконом-класпен ұшып, ұшақ пен терминалға автобуспен жетсеңіз, сондай-ақ қол жүгіңіз болса, рейсте қаншалықты адам көп болатынын біліп алыңыз. Адам көп болатынын білсеңіз, ертерек отыруға тырысыңыз. Себебі жүкті қоятын орын іздеп, тіркеуге де ұзақ тұрып қалуыңыз мүмкін", - дейді саяхатшы.

Сонымен қатар, шығатын кезде сөмкеңізді жақын жерден алып, бас жақтағы орындықтардан тез шығып кете аласыз. 

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!