Жерорта теңізі жағалауындағы акулалар туристерді алаңдатып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/PIRO4D © pixabay.com/PIRO4D

Түркия туризмі жағалауға медузалардың қаптап кетуімен күресіп жатқанда, Жерорта теңізіндегі басқа елдердің курорттарында акулалардың көбеюі алаңдаушылық тудырып отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Түркия туризмі жағалауға медузалардың қаптап кетуімен күресіп жатқанда, Жерорта теңізіндегі басқа елдердің курорттарында акулалардың көбеюі алаңдаушылық тудырып отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұл аймақта акулалардың саны артып кеткен екен. Осылайша, олар жағалауда жиі көрінетін болыпты. Атап айтқанда бұл жағдай Испания, Португалия, Грекия, Хорватия және Мысырға баратын туристерді алаңдатып отыр. Оның үстіне бұл жыртқыш балықтардың адамдарға шабуылдаған оқиғалары жиілеп кеткендей. Осыдан адамдар суға түсуден қалып барады.

Жерорта теңіз аймағында болған соңғы оқиғалар:

Испания (Ориуэла Коста, Аликанте). 15 шілдеде Аликантенің оңтүстігіндегі Аквамарин жағалауында алғаш рет акула көрінді. Ол кезде акула адамдарға шабуыл жасамады, алайда демалушыларды дүрліктіріп кетті.

Испания (Менорка). Испанияның Менорка аралында осы жазда акуланың пайда болғаны тіркелді.

Португалия. Португалияда да акулалардың пайда болғаны туралы хабар келді. Дегенмен туристер арасында бұған қатысты алаңдаушылық болмады.

Грекия. Грекия жағалауларында да акулалар байқала бастаған екен. Бірақ бұл елде акуланың шабуылынан адамның қаза болуы ондаған жылда бір болады екен.

Хорватия. Бұл елдің жағалауларында да акулулар кездескен. Алайда Грекиядағыдай мұнда олар туристерге айтарлықтай қауіп төндірмейді.

Мысыр. Ал Мысырда қайғылы оқиғалар болған еді. Маусым айында акула 24 жастағы ресейлікті өзге адамдардың көзінше жем етті. Кейін әйел адам қолынан айырылды. Былтыр да Хургадада әйел адам мерт болған еді.

Жерорта теңізінің суларында акулалар мен адамның бетпе-бет келуі жиі болады, алайда көп жағдайда олар адамға шаубыл жасамайтын. Теңіз биологы және қоршаған ортаны қорғаушы Крисос Таклис акулалардан келетін шынайы қауіптің деңгейі төмен деген ойда. Өйткені кейінгі жылдары бұл жыртықштардың шаубылынан адамдардың қаза табуы тіркелмеген, сондықтан бұл аймақ қауіпсіз саналады екен.

Дегенмен акулалардың жиі кездесе бастауы олардың көбеюі мен миграциясына байланысты екенін атап өтті мамандар. Олар жемтігін қуамын деп ұзап кетеді немесе адасып та жатады екен. Алайда бір жерде ұзақ тұрақтап қалмайтын көрінеді.

Сондықтан болар мамандар аса бір алаңдаудың қажеті жоқ екенін айтуда. Ал Мальталық зерттеуші Алекс Буттиджич кейінгі 30 жылда акулаларды бақылау 90 пайызға төмендеген деген дерек келтірді. Демек аймақта акулалар көбейді деуге келмейді екен.

Акулулар кездесетін суларда жүзу кезінде нені білу керек.

Жерорта теңізі суларында акуланың 50 түрі кездеседі, ал олардан қорғану үшін кәдімгі сақтық шараларын ұстанған жөн болады:

Жағалаудан алыстамау.
Суға жалғыз түспеу.
Күн батқанда шомылмау.
Суды шалпылдатпаған жөн, бұл жыртқыштардың назарын аударады.
Туристік сақтандыру сатып алған абзал.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная