АҚШ-тың Джорджия штатындағы Декальб-Пичтри әуежайында бір моторлы ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі 11alive.com басылымына сілтеме жасап.
Өңірлік өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, ересек адам мен бала әуежайдан ұшып шыққан бір моторлы ұшақтың құлауынан зардап шеккен.
Олар 16 ақпанда болған апатта ұшақ бортында болған, алайда қатты бір жарақат алмаған. Piper PA-28 бір моторлы ұшағы оқу-жаттығу рейсін орындамақ болған. Федералды авиация әкімшілігі өкілдерінің мәліметінше, оқиға сағат 14:40 шамасында болған.
"Ұшақ қозғалтқышы қуатын әп-сәтте жоғалтты, ұшқыш әуе кемесін кері айналдырып апатты жағдайға қонуға тырысты. Ол тікелей ұшу-қону алаңына қонды. Мұны істеу өте қиын", - деп түсіндірді ұшқыш әрі апат куәгері Райан Салливан.
Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі тергеу жүргізеді және жаңа мәліметтерді жариялайды, ал әлеуметтік желіде ұшақтың құлаған сәтінде түсірілген кадрлар пайда болды.
Here's video of a plane crash landing shortly after takeoff at DeKalb-Peachtree Airport in Atlanta. Two people on board have moderate injuries. pic.twitter.com/d3dJUR51U3
— Chad Baker (@ChadBlue83) February 16, 2023
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!