Желіде Малиде ұшақтың апатқа ұшыраған сәтінің видеосы жарияланды

Малидің Гао қаласында жүк тасымалдайтын ұшақ әуежайға қону кезінде апатқа ұшырады. Оқиға 23 қыркүйекте болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан ұшақтың қонуға кезінде ұшу-қону алаңынан шығып кеткенін кқруге болады. Салдарынан лайнер төңкеріліп, артынша өрт шыққан. Шетелдік басылымдардың мәліметінше, ұшақ Малидің әскери әуе күштеріне тиесілі екен. 2018 жылы бұл қырғызстандық Sapsan Airline әуекомпаниясының меншігінде болған екен. Тағы бір БАҚ өкілдері Ил-76 аппараты ЧВК "Вагнерге" қатысы барын жазған.

Malijet басылымының мәліметінше, әуекемесінің багында ақау болған, соның салдарынан ұшақ апатқа ұшыраған.

Серж Даниэль есімді журналист Ил-76 ұшағы адамдар мен құрылғыларды тасымалдаған. Алайда апат салдарынан қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!