Желіде багажды оңды-солды лақтырған қызметшілердің әрекеті қызу талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Жүк тасушы жігіттердің сөмкелерді оңды-солды лақтырған сәті Желі қолданушыларын ашуландырды. Видеоны Daily Star басылымы жариялады.


Иконка комментария блок соц сети

Жүк тасушы жігіттердің сөмкелерді оңды-солды лақтырған сәті Желі қолданушыларын ашуландырды. Видеоны Daily Star басылымы жариялады.

Үш ер адамның Мельбурн әуежайында Qantas әуекомпаниясының жолаушыларының сөмкелерін әуеге көтеріп конвейерлік лентаға шірене лақтырып жатқаны видеоға түсірілген.

Видео Желі қолданушыларын ашуландырды. Олар видеодағы адамдарды айыптады: "Адамдар ұшу үшін қомақты қаражат төлеп, олардың мүлкі қауіпсіз болады деп сенеді", "Мен енді чемоданның неліктен бүлінетінін түсіндім", "Мына жұмысшыларды дереу жұмыстан шығару керек".

Qantas әуекомпаниясының өкілдері осы жұмысшыларға қатысты тексеру шараларын бастаған.

"Бұл видеодағы әрекет миға қонымсыз, біздің мамандар дереу тексеру жұмыстарын жүргізеді. Бір екі адамның теріс қылығы біздің команданың сапалы жұмысына кедергі бола алмайды", - деді әуекомпания баспасөз қызметінің өкілдері.

Кейінірек видеодағы үш адамның жұмыстан шығарылғаны белгілі болды.

@rexross79 #qantas #melbourneairport ♬ original sound - ReXross

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная