Жапония аймағында Сакурадзима жанартауының атқылауына байланысты қауіптің жоғарылауы байқалды.
Кюсю аралының Осуми түбегінде Сакурадзима жанартауының атқылауы басталды. Бұл туралы NHK телеарнасы хабарлады.
Желіде жарияланған кадрларда ыстық лаваның, түтіннің және күлдің кратерден қалай шығатынын көруге болады. Жанартаудың аса белсенділігіне байланысты елдің метеорологиялық басқармасы қауіптің жоғары - бесінші деңгейін енгізді. Іргелес аймақтарда жергілікті тұрғындарды ішінара эвакуациялау жүргізіліп жатыр.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!