Жапонияда өртенген ұшақ: БАҚ апатқа қатысты тың деректерді жариялады

Жапонияда жанып кеткен ұшаққа қатысты тың деректер жария етілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Japan Airlines (JAL) жолаушылар ұшағына соқтығыспас бұрын әуе диспетчері Жапонияның жағалау күзеті ұшағына ұшу-қону жолағына шықпауды бұйырған көрінеді.

Сонымен қатар "JAL әуе компаниясының 516-рейсі әуе диспетчерінен Токионың Ханеда әуежайындағы ұшу-қону жолағына Жағалау күзеті ұшағымен соқтығысып, өртеніп кетпес бұрын шығуға рұқсат алды" деген ақпарат тарады.

Айта кетейік, осыған дейін Japan Airlines әуе компаниясының Airbus A350 ұшағының жануына Жағалау күзеті ұшағымен соқтығысуы себепкер болғаны анықталды. Апат салдарынан Жағалау күзеті ұшағы экипажының бес мүшесі қаза тапты. Оқиғаға қатысты деректерді мына жерден білуге болады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!