Жапонияда кездейсоқ сапарлар танымал бола бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

Жапонияда кездейсоқ сапарлар танымал бола бастады Бағыттар лотерея арқылы немесе жағдайға байланысты басқа жолмен анықталады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Japantimes.co.jp сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жапонияда кездейсоқ сапарлар танымал бола бастады Бағыттар лотерея арқылы немесе жағдайға байланысты басқа жолмен анықталады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Japantimes.co.jp сайтына сілтеме жасап.

Жапонияда саяхатқа деген сұранысты ерекше түрде жандандыру туралы шешім қабылданды. Теміржол операторлары мен әуекомпаниялар клиенттерге кездейсоқ сапар жасауды ұсынады.

Шілдеде West Japan Railway компаниясы кездейсоқ бағытта пойыз билетін сатып алуға мүмкіндік беретін Saikoro Kippu қосымшаны шығарды. Межелі орындар виртуалды жолмен анықталады.

Билет құны - бес мың иен (шамамен 17 500 теңге). Мұндай билеттің бағасы жолаушы әдеттегі пойыз билетін сатып алғаннан аз. Үнемдеу 45-тен 83 пайызға дейін болуы мүмкін.

Акцияға қатысу үшін өтініш беру керек, билеттер шектеулі уақытқа сатылады. Акция қыркүйектің соңына дейін жалғасады деп күтілуде. Ал билеттерге сұраныс күткеннен де жоғары болып шықты.

Өткен жазда Peach Aviation бюджеттік әуекомпаниясы Tabikuji шығарғаннан кейін кездейсоқ сапарлар тұжырымдамасы көпшіліктің назарын аударды. Онда пайдаланушылар әуе билеттерін межелі жерлерді білмей сатып алады.

Japan Airlines 2016 жылдан бастап кездейсоқ жерлерге ұшу үшін мильдерді айырбастауға болатын қызметті ұсынады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная