Жапония билігі ең танымал көрнекі орнына келушілерге шектеу қоймақ

Жапония билігі елдегі басты көрнекі орындардың бірі - Фудзи тауына көтерілуге шектеу қоймақ, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Travel and Leisure Asia порталына сілтеме жасап.

1 шілдеден бастап туристер таудың солтүстік бөлігінде орналасқан Есида соқпағымен көтерілу үшін ақы төлейтін болады. Оның нақты қандай сома болатыны ақпан айының ішінде белгілі болады.

Сонымен қатар келушілер үшін күндізгі уақытта лимит енгізіледі - 4000 адамнан аспауы қажет. Сондай-ақ, енді тек 16:00 - 02:00 аралығында ғана тауға шығуға болады.

Басылым мәліметінше, мұндай шаралар туристердің тым көп болуына байланысты екен, соның салдарынан қоқыс көбейген және тәжірибесіз саяхатшылардың жарақат алу жағдайы артқан.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!