Жаңа жылдағы қауіпті оқиға Колумбия әуежайында болды, - деп хабарлайды Тourweek.ru порталы. Бейсенбіден жұмаға 31 желтоқсанға қараған түні қайғылы жағдай болуы мүмкін еді. Колумбияның Avianca әуекомпаниясының Airbus 319 ұшағы Колумбия астанасы Богота қаласынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан Эль-Дорадо халықаралық әуежайына қонуға бұрылған кезде әуе шары тәрізді затқа соғылған.
Орландодан (АҚШ) жолға шыққан жолаушылар әуе кемесінің қанаттары, қозғалтқышы және корпустың басқа бөліктері жаңа жылдық безендіру ленталарына оралып қалған.
N557AB мемлекеттік нөмірлі әуе кемесі айтарлықтай зақымданған жоқ. Ұшақ ұшу-қону жолағынан шыққаннан кейін, жаңа жылдық безендірудің барлығын алып тастау үшін авиациялық өрт сөндіру бригадасын шақыруға тура келді.
Әуежайдың баспасөз қызметі оқиға туралы хабар беріп, ешкім зардап шекпегенін, барлық бөлімшелер тексеріліп, толық жұмыс күйінде екенін айтты. Әуежайдың арнайы тергеу тобы оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр.
Жаңа жылдық безендірулерге оранған ұшақтың бейнежазбасы әлеуметтік желілерге тарап, қолданушылар арасында мұндай жағдайға жол берген адамдардың жауапсыздығына күйінгендер аз болмады.