Жаңа жылға әуе билетінің ақысын үнемдеудің тәсілдері айтылды

Саяхат сарапшысы және AirAdvisor негізін қалаушы Антон Радченко жаңа жылдық күндерде рейстерді үнемдеуге көмектесетін үш әдісті айтты. Бұл туралы ол The Sun басылымына бөлісті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Біріншіден, сарапшы қыркүйек жаңа жылға рейстер мен қонақүйлерді брондау үшін ең тиімді ай екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, көбінесе әуекомпаниялар мен қонақүйлер жаздың соңында бағаны төмендете бастайды, өйткені жылдың аяғында саяхатшылар саны азаяды деп күтіледі.

Сонымен қатар, Радченко әуекомпаниялардың ұсыныстарын бақылауды жалғастыруға және арзан нұсқаны тапқан жағдайда тасымалдаушыдан билеттерді қайта брондауды сұрауға кеңес береді. Маман өтемақы алу және рейсті өзгерту мүмкін екеніне көз жеткізу үшін алдымен компанияның ережелерімен танысу керегін айтты.

Сондай-ақ, Air Advisor негізін қалаушы сапар алдында кемінде үш-бес ай бұрын әуе билеттерін брондауды ұсынады. Радченко мұндай кезең ең төмен бағамен қалаған рейсте орын сатып алу үшін оңтайлы деп сендіреді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!