Мысыр қонақүйлері туристерге гендерлік негізде орналасудан ресми түрде бас тарта алмайды, бірақ іс жүзінде кейбір қонақүйлер мұны жасап отыр. Бұл туралы туристер әлеуметтік желіде шағымданып жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom сайтына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, мысырлық қонақүйлер жалғызбасты әйелдерді орналастырудан бас тарта бастады. Бір қызығы, Түркияда кері үрдіс бар: онда көптеген қонақүй жалғыз ер адамдарға орналасудан бас тартады.
Туризм және ежелгі министрдің көмекшісі Абдель-Фаттах Аль-Ассидің айтуынша, туризм министрлігінің бақылауындағы барлық қонақүй "бөлмелер қолжетімді болған кезде оларда еркек те, әйел де тұра алады". Сондай-ақ, ол кейбір қонақүй жергілікті әкімшіліктердің бақылауында жұмыс істейтінін және жалғыз әйелдердің бөлмелерге тапсырыс беруіне кедергі келтіретінін айтты.
Мұндай пікірден кейін мысырлық актриса Нала Бадр үндеу жасады. Ол әлеуметтік желідегі аккаунтында оған Александрияның жанындағы қонақүйге кіруге тыйым салынғанын жазды. Бұл тыйым оның "жалғыз" келгенімен негізделген, ал қонақүй тек отбасылық қонақтарды қабылдайды.
"Олар маған күйеуімсіз келгенімді айтты, сондықтан олар мені қабылдай алмайды", - деді актриса Al Hekayaток-шоуында.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!