Жағажайда зорлаған 15 жастағы қыз оқиғаның мән-жайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Ұлыбританиядағы адам көп жиналған жағажайда турист зорлаған 15 жастағы қыз оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританиядағы адам көп жиналған жағажайда турист зорлаған 15 жастағы қыз оқиғаның қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Ол жағдай Борнмут курорттық қаласында достары мен адамдардың көзінше болғанын айтты.

"Біз достарымызбен бір күн демалдық. Суға кіріп, доп ойнай бастағанда сағат 16:00 шамасында болды. Ойын барысында доп жас жігітке қарай ұшты. Одан қайтаруын сұрағанда, қайтармады", - деді жәбірленуші. 

Әрі қарай ер адам оның қолынан тартып, теңізге қарай сүйреген. 

"Ешкім не болып жатқанын көрмеді, бірақ ол мені сол кезде зорлады", - деді қыз.

Кейін олардың жанына туристің досы жақындағанда ғана қыз қашып үлгерген.

"Қатты жыладым. Осы жағдайдан кейін қатты өзгердім: көшеге шыға алмаймын және әлі қорқамын, қорғансыз сезінемін", - деді жәбірленген қыз.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная