Жағажайда демалған туристерді найзағай соқты

Мексикада төтенше жағдай салдарынан қайғылы оқиға болды: жағажайда демалушыларды жай соғып, екі адам мерт болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, оқиға Мичоакан штатында туристер арасында танымал Аквила жағажайында болған.

Видеода жағажайда бірнеше туристің үстіне жай түскенін көруге болады. Екеуі де қайтыс болды - әйел адам бірден жан тапсырды, ал ер адам ауруханада көз жұмған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!