Жер-жаһан 13 қазан 2023 12:58

Израильдегі жағдайға байланысты круиз лайнерлері бағытын өзгертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/JTMorkis © pixabay.com/JTMorkis

Израильдегі қақтығыс басталғалы сол маңайдағы портта болған кейбір круиз лайнерлері дереу жоспарын өзгертуге тура келді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі АТОР басылымына сілтеме жасап.


Израильдегі қақтығыс басталғалы сол маңайдағы портта болған кейбір круиз лайнерлері дереу жоспарын өзгертуге тура келді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі АТОР басылымына сілтеме жасап.

"Таяу Шығыстағы жаңа қақтығыстың басталуымен Жерорта теңізі арқылы Израильге кірген бірнеше круиз компаниялары дереу ол жақтан кетуге мәжбүр болды. Онда әртүрлі елдің азаматтары бар", - делінген хабарламада.

Техникалық себептерге байланысты Түркияның Кушадасы портына тоқтау жоспардан алынып тасталды, сол жерден лайнер Хайфаға аттануы керек болған. Бұл порт көптеген лайнерлердің бастауы ретінде танымал. MSC компаниясы тур ақысын қайтарып жатыр, ал MSC Musica лайнері Антальяға қайтарылған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!