Израиль туристер үшін міндетті ПТР-тестін алып тастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Израиль билігі елге кірген кезде әуежайда коронавирусқа міндетті ПТР-тестілеу талабын алып тастауға шешім қабылдады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Times of Israel сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Израиль билігі елге кірген кезде әуежайда коронавирусқа міндетті ПТР-тестілеу талабын алып тастауға шешім қабылдады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Times of Israel сайтына сілтеме жасап.

21 мамырдан бастап израильдік және шетелдік саяхатшылардан Бен Гурион әуежайына келген кезде ПТР-тестін тапсыру талап етілмейді.

Сонымен қатар, саяхатшылар Израильге рейс жасамас бұрын теріс сынақ нәтижесін ұсынуға міндетті емес.

Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі елде COVID-19 ауруының төмендеуі аясында тестілеуді тоқтатады.

Бұған дейін Израиль билігі COVID паспорттарының мерзімін ұзартпауға шешім шығарды және коронавирусқа қарсы вакцина алмаған шетелдіктерге елге кіруге рұқсат берді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная