Израиль ТМД елдерімен әуе байланысын қайта жандандырмаққа ниетті

Израиль үкіметі "ашық аспан" бағдарламасы бойынша рейстерді жандандыру жоспарын мақұлдады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Израиль туризм министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Хабарлағандай, қазанның 15-інен 16-на қараған түннен бастап, Бен-Гурион әуежайы карантин енгізілгенге дейін жұмыс істеген жаңа тәртіп бойынша жұмысқа кіріскен.

1Жаңа кезеңдер басталды, біз сол арқылы туризмді жандандыруға қадам баспақпыз. Коронавируспен күрестің жаңа технологияларының пайда болып жатқандығы Израиль мен ТМД елдері арасындағы туризмді жақын арада қалпына келтіруге ықпал ететініне сенімдімін1, - деді Ресей Федерациясындағы Израиль Туризм Министрлігі департаментінің директоры және ТМД, Израиль мемлекетінің Ресей елшілігінің кеңесшісі Владимир Шкляр.

16 қазаннан бастап 30 шетелдік әуекомпаниясы Израильге рейстерін қайта жандандырды.

18 қазанда Израильдің Israir и El Al әуекомпанияларының 24 рейсінің жұмысын қалпына келтіру жоспарланған екен.

Келесі аптада олардың қатарына израильдік Аркия әуекомпаниясы қосылады.

Әзірге рейстер тек израильдік азаматтарға ғана, сондай-ақ арнайы рұқсаты бар елге кіре алатын шетелдік азаматтар санатының аз бөлігіне қызмет етеді. Шетелдік азаматтардың Израильге келуінің нақты ережелері Израильдің миграция және көші-қон басқармасының сайтында тіркелген.

Израильдіктер ауру деңгейі төмен "жасыл" елдерден оралғаннан кейін коронавирусқа тексеруден өтуге және екі апта бойы карантинге орналастырылуға міндетті емес.

Израильдің Денсаулық сақтау министрлігінің бағалауы мен Еуропалық Одақтың мәліметтеріне сәйкес «жасыл» елдердің тізімі екі апта сайын жаңартылып отырады.