Жер-жаһан 15 қаңтар 2022 11:49

Италияның танымал қаласы туристерді билетпен кіргізе бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Венеция, Италия / Фото pixabay.com Венеция, Италия / Фото pixabay.com

Италияның әйгілі Венеция қаласының билігі бір күнге келген саяхатшылардан ақы алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы АТОР сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі


Италияның әйгілі Венеция қаласының билігі бір күнге келген саяхатшылардан ақы алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы АТОР сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі

Дайындалған, бірақ әлі бекітілмеген ережелерге сәйкес, туристер Венецияға бес еуро (шамамен 2500 теңге) онлайн билеттерді брондағаннан кейін ғана жіберіледі. Өткізу құжатының сатылымы басталатын күн әлі хабарланбады, бірақ пилоттық режимде ақпанда, қалада дәстүрлі карнавал өтетін кезге жоспарланған.

Муниципалитет жобаны іске қосуға дайын: тарихи орталыққа кіреберістерде өткізу пункттері қойылып, 500 бейнебақылау камералары орнатылды. Олардың көмегімен қаладан уақытында шықпаған демалушыларды бақылайтын болады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!