Италияның танымал қаласы адамдарға көшеде жүргені үшін айыппұл салады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Флоренцияда туристік көшелерде жүргендерге айыппұлдар енгізілді — ережені бұзған саяхатшыларға 400 (202 мың теңге) мен 1000 евро (шамамен 505 мың теңге) аралығында төлеу керек болуы мүмкін. Бұл туралы The Sun жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Флоренцияда туристік көшелерде жүргендерге айыппұлдар енгізілді — ережені бұзған саяхатшыларға 400 (202 мың теңге) мен 1000 евро (шамамен 505 мың теңге) аралығында төлеу керек болуы мүмкін. Бұл туралы The Sun жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Италияның танымал қаласының билігі пандемия кезінде мәселені шешуге тырысып, танымал туристік аудандарда кешкі серуенге тыйым салды.

Флоренция қаласының мэрі Дарио Нарделла (Dario Nardella) кешкі тоғыздан таңғы алтыға дейін қалада серуендеуге үш күн бұрын тыйым салынғанын растады. Сонымен қатар, шектеу Санто-Спирито көшесінде - мейрамханалар мен түнгі клубтарға келушілердің сүйікті жерінде, сонымен қатар ең танымал алаңдарда — Строцци, Санта-Кроус және Сантиссима Аннунциатта қолданылатыны белгілі.

Тек серуендеуге тыйым салынған аймақтағы барлар мен мейрамханаларға баруға болады. Бірақ айыппұл алмау үшін барда отырғаныңызды растайтын түбіртек көрсету керек.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная