Италияда анықталған "нигериялық" коронавирус штамы қолда бар вакциналардан мықтырақ болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі italy24news басылымына сілтеме жасап.
Италияның вирусологтар қоғамының президенті әрі микробиология зертханасының директоры Арнальдо Карузоның айтуынша, Италияның солтүстігіндегі Брешия қаласында анықталған штамға бүгінге дейін жасалған вакциналар тиімсіз болуы мүмкін, себебі ол мутацияға ұшырап жатыр.
"Италияда алғаш рет мутацияланып жатқан штамды анықтап отырмыз, бұл алаңдатады, өйткені олар бүгінде бар COVID-19 вакциналарына төзімді болуы мүмкін", - дейді Карузо.
Маман COVID-19 штамы анықталған мутациясы туралы басқа мәлімет айтпады.
Коронавирустың жаңа штамы Нигерияда 2020 жылы желтоқсан айының соңында табылған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!