Италияда туристерге бір бұзушылық үшін 60 мың еуро айыппұл салынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Pixabay Фото: Pixabay

Италия билігі ескерткіштерге немесе басқа мәдени орындарға зиян келтіретін адамдар үшін 60 мың еуроға дейін айыппұл салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Independent басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Италия билігі ескерткіштерге немесе басқа мәдени орындарға зиян келтіретін адамдар үшін 60 мың еуроға дейін айыппұл салуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Independent басылымына сілтеме жасап.

Мәдениет министрі Дженнаро Санджулианоның бастамасымен жаңа заңнамаға сәйкес айыппұлдан түскен қаржы жөндеу және тазалау үшін жұмсалады.

"Ескерткіштер мен өнер нысандарына жасалған шабуылдар экономикалық зиян келтіреді", - деді Дженнаро Санджулиано мәлімдемесінде.

Вандализм үшін айыппұлдар 10 мың еуродан басталады және 60 мың еуроға жетуі мүмкін.

Үкімет бұл жоспарларды 11 сәуірде министрлер кабинетінің отырысында мақұлдады және заң жобасы бекітіліп, заңға айналады деп күтілуде.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная