Бортында туристер болған шар Италиядағы Вольтиано ғибадатханасының музейіне соқтығысып, шатырдың сәндік бөлігін қиратты. Оқиғаның видеосын The Daily Mail жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Оқиға 11 қазанда Ломбардия аймағының саяхатшылар арасында танымал Комо қаласында болды. Шар 1927 жылы тұрғызылған ғимаратқа соқтығысып, карниздің бір бөлігін және шатырда орналасқан сәндік бағанды қиратты.
Музейдің зақымдалған бөлігі ғибадатхананың орталық баспалдақтарының бірінен бес метр қашықтықта құлады. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір билік ескерткішке келтірілген залалды бағалап жатыр.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!