Италияда туристер жағажайдан құм мен айғұлақты жаппай тасып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Сардинияда туристер тыйым салу мен айыппұлға қарамастан, жағажай "ұрлығын" тоқтатпай отыр. Бұл туралы The Local жазады.


Иконка комментария блок соц сети

Сардинияда туристер тыйым салу мен айыппұлға қарамастан, жағажай "ұрлығын" тоқтатпай отыр. Бұл туралы The Local жазады.

Экологтардың пікірінше, жаппай туризмнің оралуымен жағалаудан әкелінген ракушкалар, құм мен қиыршық тастың саны артты.

Мамандар биыл демалушылар кем дегенде алты тонна құмды алып кетті деп есептеді. 2017 жылдан бастап мұндай жағажай сувенирлеріне заңмен тыйым салынған және қорғалатын ресурстар ретінде жіктеледі. Құқықбұзушыларға 500-ден 3000 еуроға дейін айыппұл салынады, кейбір жағдайда түрме жазасы беріледі.

Алайда, қабықтарды жақсы көретіндерді тоқтату оңай емес. Тек шілдеде Альгеро әуежайында кеденшілер аралдың жағажайынан алынған 1,4 келі құм тәркіледі. Сондай-ақ, туристердің жүгінен 743 теңіз тасы, 43 қабыршаққ және тіпті салмағы 1,2 келі тас табылды. Заңсыз кәдесыйлармен ұсталған барлық жолаушыға айыппұл салынды.

Экологтардың айтуынша, құқықбұзушылардың көпшілігі - шетелдік қонақтар, олардың "жаман ниеті жоқ". Бірнеше себебі бар. "Шамасы, олар достарына мақтанып, үйде демалыс сезімін қалпына келтіргісі немесе аквариумын безендіргісі келеді".

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная