Италияда мүсін ұрлаған турист "қарғысқа" ұшыраған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Италияның көне қаласы Помпейде ұрлық деректері жиі анықталады. Дегенмен туристер бұл жерден ұрланған артефактілер адамға бақытсыздық әкеледі деп сенеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Италияның көне қаласы Помпейде ұрлық деректері жиі анықталады. Дегенмен туристер бұл жерден ұрланған артефактілер адамға бақытсыздық әкеледі деп сенеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Жақында Помпей туристік мекені директорының атына сәлемдеме келген. Оның ішінде тас пен белгісіз әйелдің хаты болған.

"Менің қарғыс туралы хабарым болмады. Тастарды алуға болмайтынын білмедім. Менен сүт безі қатерлі ісігі анықталды", - делінген хатта.

Кейін хатты жіберген турист бұрын жанартау маңынан тасты кәдесый ретінде үйіне алып кеткені белгілі болды.
Wanted in Rome мәліметінше, Помпейден тас ұрлаған әйел сүт безі обырына шалдыққанын, оның оған жамандық әкелгенін айтып, қайтарып берген. Саяхатшы атап өткендей, туристік мекеннен оралғаннан кейін бір жыл ішінде одан онкологиялық ауру анықталған.

Помпей директоры Габриэль Цухтригель қорқып қалған туриске басу айтты.

"Құрметті аноним, тас Помпейге жеткізілді. Біздің Италияда In bocca al lupo дейміз, яғни біз алдағы уақытта сізге тек сәттілік тілейміз", - деп жауап қайтарды ол.

Бұл оқиға алғаш рет болып отырған жоқ. Жолы болмай кеткенін айтып, өз әрекетіне өкініп, ұрланған артефактілерді қайтарған туристер көп екен. Тіпті Помпейде кері қайтарылған заттардың арнайы көрмесі бар. Онда хаттардың коллекциясы да жинақталған. Заттарды кері қайтарғандардың бір бөлігі жағымсыз энергиядан құтылғысы келетінін айтса, басқалары өзін ұрлық жасағаны үшін кінәлі сезінетінін мойындаған.

Мәселен үш жыл бұрын италиялық үкіметке ерекше сәлемхат келген. Оның ішінде антесиссаның терракоталық фрагменті мен хат болған.

"50 жыл бұрын ғимараттан осы фрагментті шешіп алып едім. Мен өз ісіме қатты ұяламын. Сол себепті иесіне қайтару туралы шешім қабылдадым. Кешіріңіз", - деп жазған хат авторы.

Дәл осыған ұқсас жағдай 2020 жылы болды. Канадалық турист 15 жыл бұрын қолды еткен артефактілерді қайтарып, осылайша "өзіне және отбасына тиген қарғыстан" құтқармақ болған.

Николь есімді әйел 2005 жылы археологиялық саябаққа барған кезде ұрлаған екі мозаикалық плиткадан, яғни қыш ыдыстардан және амфораның бөліктерінен тұратын пакетті кері қайтарған. Ол осы заттарды ұрлағаннан соң, денсаулығы нашарлап, қаржылық қиындыққа тап болғанын айтқан.

"Мен жас әрі ақымақ болдым. Қолымда басқа ешкімде жоқ тарихтың бір бөлшегі болса деп ойладым...Екі рет сүт безі обырына шалдықтым. Ең ақырында мастэктомия жасауға мәжбүр болдым. Менің отбасымның қаржылық жағдайы нашарлады. Біз қарапайым адамдармыз. Мен бұл қарғыстың отбасыма, балаларыма берілгенін қаламаймын", - деді ол.

Бұдан бөлек канадалық туристен де қаралы хабар келген. Көптеген жыл бұрын әйел бал айы кезінде Помпейден мүсінді ұрлап кеткен көрінеді. Алайда жас жұбайлар үйлеріне оралғанда, күйеуі жүрек талмасынан қайтыс болған. Кейін оның чемоданынан кішкентай мүсін анықталған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная