Италияда Жерорта теңізі бойынша круиздер қайта басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Costa Crociere теңіз лайнері коронавирустың екінші толқынына байланысты болған төрт айлық үзілістен кейін қайтадан рейске шығады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourweek басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Costa Crociere теңіз лайнері коронавирустың екінші толқынына байланысты болған төрт айлық үзілістен кейін қайтадан рейске шығады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourweek басылымына сілтеме жасап.

Италия билігінің шешімі бойынша, 2020 жылдың желтоқсанынан бастап Costa Crociere круиз операторы теңізге шыққан жоқ.

Smeralda теңіз лайнері Жерорта теңізіндегі ең ірі ондықтың бірі және Италиядағы Costa Group (Carnival Corporation) туроператоры үшін негіз болып саналатын Савона портынан рейске шығады. Costa Crociere круиздерінің көпшілігі осы жерден басталады.

Туристік кеменің барлық қызметкері екі апталық карантиннен өтті және COVID-19 анықтайтын тест тапсырып, нәтижесі теріс болды.

Сондай-ақ, круизге шығатын жолаушылардың да коронавирусты анықтайтын сынағының нәтижесі теріс болуы керек.

Круиз операторы үшін саяхаттарды жүзеге асырудың негізгі санитарлық шарты - кемедегі адам толымдылығы 50 пайыздан аспау керек. Лайнердің бортында қатаң антиковид шаралары сақталуы тиіс.

Еске салайық, Costa Crociere - Италияда 70 жылдан аса уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан жалғыз круиз компания. Оның флотында жалпы сыйымдылығы 76 мың адам болатын 27 теңіз лайнері бар, ал маршруттық тор бүкіл әлемді қамтиды.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная