Италия полициясы туристерден Сардиния жағажайларынан ұрланған 90 килограмнан аса құм, тас тәркіледі, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Sky News басылымына сілтеме жасап.
Жергілікті полиция жағажайдан құм ұрлаған 40-тан аса саяхатшыға айыппұл жазды. Айыппұл мөлшері 500-ден 3 000 еуроға дейін (260 мың теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін).
Айта кетейік, полиция Ольбия Коста Смеральд әуежайында ұшатын жолаушыларды үнемі тексеріп отырады. Сонымен қатар, жағажайдан құм сатуға болатын сайттар да бақыланады. Бұрын аралдан құм сатып алуды ұсынған бірнеше ондаған жарнама табылды.
Басылымның мәліметінше, италиялық аралдың ақ құмы заңмен қорғалған, оны ұрлағанға үлкен айыппұл, кейде түрмеге қамау қаупі төніп тұр.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!