Италияда ереуілдерге байланысты кемінде 400-ге жуық рейс ұшпай қалды

Италияда кейбір бюджеттік компаниялардың қызметкерлері мен әуедиспетчерлердің төрт сағаттық ереуіл ұйымдастыруына байланысты ішкі және халықаралық 400-ге жуық рейс ұшпай қалды. Бұл туралы Corriere della Sera газеті хабарлады. 

17 шілдеде сағат 14:00-18:00 аралығында өткен ереуілге Ryanair, Malta Air, CrewLink, easyJet және Volotea компанияларының ұшқыштары, бортсеріктері шыққан. Олар жалақыны өсіріп, еңбек шартын өзгертуді сұрайды. Италиялық Ita Airways әуекомпаниясы 122 рейсті тоқтатты, бұл дегеніміз бір күнде ұшатын рейстердің 40 пайызы.

Сонымен қатар, ереуілге Италияның азаматтық авиацияның ұшуларды қамтамасыз ету ұлттық қызметінің диспетчерлері де қосылған. Соның салдарынан әуекомпаниялар біршама рейстерді тоқтатуға мәжбүр болған. 

Мұндай жағдайдың салдарынан бір күнде 68 мың адам өз жоспарын өзгертуге тура келген. О баста шеруге шығушылар 24 сағат сұраған, алайда шеру құқығын бақылайтын комиссия митинг уақытын төрт сағатқа дейін төмендетіп, әуе саласында жағдай ушығып кетпеуін алдын алған. 

Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!