Италияда арқанды жолдағы апаттан 14 турист қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қайғылы жағдай 23 мамырда Италияның солтүстігінде Пьемонт провинциясындағы Маджоре көлінің жағасында - Стреза ауылының маңындағы Моттарон тауында болды. Арқан үзіліп, кабина ондаған метрден құлады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourweek басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қайғылы жағдай 23 мамырда Италияның солтүстігінде Пьемонт провинциясындағы Маджоре көлінің жағасында - Стреза ауылының маңындағы Моттарон тауында болды. Арқан үзіліп, кабина ондаған метрден құлады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Тourweek басылымына сілтеме жасап.

Бір топ турист италиялық Альпіде орналасқан Моттарон тауынан арқанды жолмен түсіп келе жатқан фуникулярлық салонда 15 адам болған. Оған 40-45 адамға дейін отыруға болады. Дегенмен, арқан "шыдамай", 300 метрден кейін кабина орманға құлады.

Апат орнына келген құтқарушылар 13 жолаушының өлімін тіркеді. Екі бала (бес және тоғыз жас) аман қалған. Олар ауыр жарақат алған. Тікұшақпен жедел эвакуация арқылы олар Турин ауруханаларының біріне жеткізілді. Реаниматологтар олардың өмірі үшін күрескен. Бірақ, өкінішке қарай, бір бала ауруханада қайтыс болды.

Италияда коронавирусқа байланысты шектеулер сол күннен бастап жеңілдеген. Туризм саласы да жеңілдікті пайдаланып, жұмысын қалпына келтіре бастаған. Моттарон тауына жолаушыларды тасымалдайтын фуникуляр да іске қосылды.

Соңғы рет ол жақында – 7 жыл бұрын күрделі жөндеуден өтті. Карантин кезінде арқанды жол жұмыс істемеді, ал іске қосар алдында мұқият техникалық қызмет көрсетілді. Енді сарапшылар бірден 14 адамның өмірін қиған кабельдің үзілуінің себебін анықтауы керек.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная