Италия премьер-министрі Джорджио Мелони Астанаға сапарын тоқтатты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Италия премьер-министрі Джорджи Мелонидің Астанаға бұрын жарияланған жұмыс сапары болмайды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Италия премьер-министрі Джорджи Мелонидің Астанаға бұрын жарияланған жұмыс сапары болмайды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони табиғат апатынан зардап шеккен өңірлерге бару үшін Хиросимада өтіп жатқан G7 саммитіне соңына дейін қатыспай, еліне қайтып барады.

Келіп түскен мәлімет бойынша Италияның солтүстігінде кем дегенде 40-тан астам елді мекен су астында қалып, 20 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды.

Осы себепке байланысты Италия Үкіметі басшысының Астанаға алдын жоспарланған жұмыс сапары болмайды", - деп жазды Желдібай.

Баспасөз хатшысының мәліметінше, Италия тарапы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелонидің телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастыруды сұраған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная