Испандық Кабесон-де-ла-Саль қаласының мэриясы жергілікті секвоялық орманда ағаштарды құшақтауға тыйым салды. Бұл әрине ұзақ жыл өсетін тіршілік иесін сақтап қалу үшін істелген шара, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі 34Travel порталына сілтеме жасап.
Ағаштарды құшақтау үшін келетін туристер олардың сыртқы қабатын бүлдіріп, тамырын таптайды. Мәселені шешу үшін билік өкілдері жоспар әзірлеген. Бірінші кезең басталып та кеткен. Екінші кезең аясында, орманда жаяу жүргіншілер жолы пайда болады, осылайша адамдар ағашқа қатты жақындай алмайды. Сондай-ақ кіру ақылы болуы мүмкін.
Жыл сайын Кабесон-де-ла-Саль қаласына 200 мыңға жуық турист келеді. Онда орналасқан орман - табиғи ескерткіш. Ол 1940 жылы қолдан жасаған, негізінде бұл ағаш өздігінен тек Солтүстік Америкада өседі екен.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!