Бүкіл әлемдегі әуекомпанияларға канарлардың - Испанияның негізгі күзгі-қысқы жағажай курорттарының үстінен уақытша ұшпауға кеңес беріледі, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom.ru басылымына сілтеме жасап.
Қазір Канардағы үш аралға тасымалдау жабық. Бұлар - Пальма, Гомера және Иерро. Испаниядағы аэронавигацияны басқаратын Aena компаниясының ресми "ұсынбауының" себебі Пальма аралында жанартаудың атқылауына байланысты қауіптің жоғарылауы болды.
Тыйым Канар аралдарының жанартау жотасының ең көне белсенді жанартауларының бірі Кумбре-Виеха жанартауына байланысты болып отыр. Оның магмалық ошағы кенеттен оянды. Қазір арал билігі жанартаудан 5 мыңға жуық тұрғынды эвакуациялауға мәжбүр.
Канар аралдарының президенті Ангел Виктор Торрес айтқандай, атқылау аймағы "ормандармен жабылған және халқы аз", бірақ лава елді мекендерге жақындап, жолдардың бір бөлігін жауып тастады.
"Қажетсіз қауіпті болдырмау үшін өте сақ болыңыз және атқылау аймағынан аулақ болыңыз", - деп ескертті Канар билігі.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!