Испания тарихындағы ең суық күн тіркелді

Испания тарихындағы ең суық күн тіркелді. Бұл туралы LADbible жазды, - деп хабарлайды LADbible.

Ең төменгі температура -35,8 °C Леонның солтүстік-батысында 1874 метр биіктікте орналасқан Вега-де-Лиордес метеостанциясында тіркелді. Бұл көрсеткішті 
AEMET Ұлттық метеорологиялық агенттігі растаса, жаңа рекорд орнайды деген болжам бар. 

Осы уақытқа дейін Испаниядағы ең суық температураның ресми рекорды -32 °C болған, ол 1956 жылы тіркелген.

Синоптиктердің болжамынша, Испанияға "Филомена" дауылы келген, салдарынан кем дегенде 200 жолда қозғалыс бұзылып, қоғамдық көліктер тоқтатылған, рейстер де кейінге қалдырылған. 

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда аяз қашан әлсірейтінін және 2021 жылдың қысы қандай болатынын айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!