Исландия COVID-19 вакцинасын салдырған туристерді қабылдайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Исландия коронавирусқа қарсы вакцина салдырған туристер үшін шекараны ашады. Олардан ПТР-тест және карантин туралы анықтама талап етілмейді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы. 


Иконка комментария блок соц сети

Исландия коронавирусқа қарсы вакцина салдырған туристер үшін шекараны ашады. Олардан ПТР-тест және карантин туралы анықтама талап етілмейді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы. 

Исландия Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұрын COVID-19 жұқтырып ауырғанын дәлелдейтін азаматтар үшін де шекара ашылады.

"Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған немесе бұрын ауырып, жазылған адамда антидене болады. Ондай азаматтардың вирус жұқтыру қаупі өте аз екенін білдік. Тәжірибе вакцинацияланған адамдардың жұқтыру қаупі өте аз немесе шамалы болатынын көрсетті", - деді бас эпидемиолог Торолфур Гуднассон.

Бұрын бұл ереже Шенген аймағының барлық азаматы үшін қолданылған. Енді 18 наурыздан бастап Исландия Еуропалық Одақтан тыс басқа елдерден келген туристер үшін де ашылады.

Сондай-ақ, туристің коронавирусқа қарсы салдырған вакцинасын Еуропалық медициналық агенттік мақұлдап, ол Исландияның Құзыретті бөлімінің ережелеріне сәйкес келуі керек. Шекарадан өту үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сертификаттары да жарамды.

Еске салайық, Исландия - елде жалпы карантин болмаса да, аурудың рекорд көрсеткіші тіркелген ел. Үкімет пандемияға дайындықтың Ұлттық жоспарын 2020 жылдың қаңтар айының басында, коронавирус Исландияға жеткенге дейін екі ай бұрын іске қосты.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная