Иранның Израильге шабуылынан кейін қазақстандықтар Қатардан қайта алмай қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Виктория Лебедева Фото ©️ Tengrinews.kz / Виктория Лебедева

Франциядан Алматыға Қатар арқылы транзитпен ұшқан қазақстандықтар Иранның Израильге шабуылынан кейін Доха әуежайында тұрып қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Франциядан Алматыға Қатар арқылы транзитпен ұшқан қазақстандықтар Иранның Израильге шабуылынан кейін Доха әуежайында тұрып қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Қатар әуежайынан Алматыға рейс сағат 01:25-те ұшуы керек еді. Қазір біз әлі осындамыз, өйткені басында рейс басқа уақытқа ауыстырылды, содан кейін толығымен тоқтатылды. Келесі жоспарлы рейс кешкі сағат жетіде, бірақ бұл рейс ұша ма, жоқ па, ешкім нақты мәлімет бермейді. Өйткені тағы солай қайталануы мүмкін", – дейді Tengri Auto тілшісі.

Журналист Qatar Airways бортында Ниццадан (Франция) Алматыға Қатар арқылы ұшқан, бірақ қазір жолаушылардың араб елінен үйлеріне ұшуға мүмкіндігі жоқ. Оған қоса, кем дегенде 20 қазақстандық осы бағыт бойынша шыққан.

"Осы уақыт ішінде әуекомпаниясы бір рет қана ыстық тамақпен қамтамасыз етті. Олар қонақүй бермеді. Қалаға өз бетімізбен барып, қонақүй жалдауымызға болатынын немесе бізді ұшып шыққан елге немесе Грузияға апара алатынын, сол жерден елге қайту жолдарын іздеуге тура келетінін айтты", - деп түсіндірді тілші.

ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті мәлімнетінше, Qatar Airways компаниясының 13 және 14 сәуірде орындауы жоспарланған Доха - Алматы - Доха бағыты бойынша QR-389/390 QR-391/392 рейстері қазіргі уақытта белгісіз мерзімге кейінге шегерілген. Қазіргі уақытта әуе компаниясы ұшу бағытын өзгертуді қарастырып жатыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная