Индонезияның Ява аралындағы Семеру жанартауы атқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индонезияның Ява аралындағы Семеру жанартауы жексенбіде атқылап, 1,5 шақырым биіктікке күл шашты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Индонезияның Ява аралындағы Семеру жанартауы жексенбіде атқылап, 1,5 шақырым биіктікке күл шашты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Осыдан кейін билік өкілдері Ява аралының тұрғындарын эвакуациялады. Ява Суматра мен Бали аралығында орналасқан, осы аралда елдің бас қаласы Джакарта да бар. Мұнда шамамен 150 миллионға жуық адам тұрады.

Елдегі Табиғи апатқа қарсы әрекет ұлттық басқармасы тұрғындарды бес шақырым радиуста жанартау атқылаған аймаққа жақындамауға шақырды. Сондай-ақ, өзендерге 500 метр жақындамау керектігі айтылды, себебі лава салдарынан су тасқыны болу қауіпі ықтимал.

Индонезия жері "Отты шеңберде" орналасқан, сол себепті тұрғындары жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы және цунамиден жиі зардап шегеді. Бұл жанартаулар тізбегі және 40 мың шақырымға созылған тектоникалық жарылған жер. Дәл осы "Отты шеңберде" әлемдегі ең танымал жанартаулардың 90 пайызы (1500) орналасқан. Сол себепті де Жердегі жер сілкіністерінің 90 пайызы осы аймақта болады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная