Индонезияның Батыс Папуа провинциясында қаскөйлер Жаңа Зеландиядан ұшып келген бортында ұшқыш пен бес жолаушысы бар ұшақты басып алды. Бұл туралы жаңазеландиялық үкімет басшысы Крис Хипкинс Radio New Zealand радиостанциясының эфирінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Премьер-министрдің айтуынша, Жаңа Зеландия елшілігінің қызметкерлері қазіргі уақытта осы іспен белсенді түрде айналысып жатыр екен.
"Әзірге олар бізге болған оқиға туралы және жағдайды шешу үшін не істеп жатқаны туралы әлі толық ақпарат берген жоқ, бірақ біз бұл іс бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын білеміз", - деді Хипкинс радиостанция эфирінде.
Болған оқиға үшін жауапкершілікті Индонезияда террористік құрылым болып саналатын "Азат Папуа қозғалысы" сепаратистік ұйымының әскери ошағы өз мойнына алды. Олар Индонезия Үкіметі аймақтың тәуелсіздігін мойындамаса, ұшқыш өлтірілетінін айтқан.
Жолаушылардың тағдыры әзірге белгісіз.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!