Индонезияда жолаушылар автобусы 30 метр биіктен құлады: 2 адам қаза тапты

Индонезияның Солтүстік Суматра провинциясы Тапанули округі аумағында жолаушылар автобусы тереңдігі 30 метр шатқалға құлап кетіп, екі адам қаза болды. Тағы 11 адам түрлі жарақат алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Апат жексенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 06:30 шамасында болған. Қаза тапқан екі адамның автобус жүргізушісі мен жолаушысы екені анықталды. 10 жолаушы жеңіл зақым алған, ал біреуі ауыр жарақаттанған.
Жолаушының сөзінше, апатқа жүргізушінің шаршауы себеп болуы мүмкін.

Жеңіл жарақат алғандар Адианкотинг медициналық орталығына жеткізілді. Қазір оларды туыстары алып кетті. Ауыр жарақат алған науқас емделіп жатыр, - деді жергілікті полициясы бастығы Дахниал Сарагих.
Полиция оқиға орнын тексерді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қайыс болғандардың денелері отбасыларына берілді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!