Индонезияда жанартау атқылап, 11 туристің өмірін қиды

Индонезиялық құтқарушылар Батыс Суматрадағы Мерапи жанартауының атқылауынан кейін 11 альпинистің денесін тапты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Құтқару қызметінің ресми өкілі үш адам тірі табылғанын және кем дегенде 12 альпинист әлі хабар-ошарсыз кеткендер қатарында екенін айтты. Тағы бір жергілікті шенеунік 22 жоғалған адам туралы хабарлады.

Бұқаралық ақпарат құралдары мәліметінше, өткен сенбіде 75-ке жуық альпинист тауға шыққан. Оларды іздеуге полиция мен әскерилерді қосқанда 160-тан аса адам жіберілгені айтылды.

Қауіпті аймақтан 49 альпинист эвакуацияланған, олардың кейбіреуі күйікке қарсы ем қабылдап жатыр.

"26 адам эвакуацияланбады, олардың 14-і табылды, үшеуі тірі және 11-і қаза болған", - деп басылым аймақтық іздеу-құтқару қызметінің басшысы Абдул Маликтің сөзін келтірді.

3 желтоқсанда жанартау атқылай бастағаны белгілі болды. Екі альпинизм жолы жабылған, ал Мерапи баурайында тұратын тұрғындарға "лаваның ықтимал ағынына байланысты кратерден" 3 шақырым қашықта тұруға кеңес берілген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.