Индонезия президенті Джоко Видодо Бали туристер үшін 2021 жылдың ортасында ашылады деп үміттенеді. Ол кезде вакцинация арқасында аралда коронавирусқа ұжымдық иммунитет пайда болуы мүмкін, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz басылымы ANTARA порталына сілтеме жасап.
"Бұл жерді шетелдік қонақтарды қабылдауға дайындау үшін сақтық шараларын қатаң сақтап, эпидемиологиялық қауіпсіздік хаттамаларын мұқият орындау керек", - деді туризм және креатив экономика министрі Сандиага Уно.
Балиде пандемия кезінде 37 мың тұрғын коронавирус жұқтырды, 34,5 мың адам сауығып, мыңнан аса науқас қайтыс болды.