Индонезия келер жылы 14 миллион турист қабылдауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Bali Sun порталына сілтеме жасап.
Биылғы көрсеткіш шамамен 11 миллион турист болды. Бали аралы негізгі туристік бағытқа айналды, деді Индонезияның туризм және креативті экономика министрі Сандиага Уно.
"Биыл Индонезияға келген шетелдік туристік сапарлар саны 11 миллионға жуықтап, 8,5 миллион деген жоспардан асып түсті. Біз 2024 жылы 14 миллион шетелдік әкелуді мақсат етіп отырмыз. Туризм секторы 2025 жылы қалыпты жағдайға оралады деген оптимистік ойдамыз" - деп келтіреді министрдің сөзін басылым.
Индонезиядағы ең танымал бағыт Бали аралына айналғаны нақтыланды. Биыл ол 4,5 миллион халықаралық қонақты қабылдауды жоспарлаған. Қазанның соңына дейінгі саяхат деректері осы жылы Балиге 4,3 миллион демалушы келгенін көрсетті, қарашадағы сандар әлі де есептеліп жатыр.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!