Инчхон әуежайынан қашу: Қазақстан Кореяға алғыс білдірді

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Оңтүстік Кореяда қашып жүріп ұсталған қазақстандықтар қашан елге оралатыны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Олар айыппұлды төледі. Таяу күндері Қазақстанға оралу үшін билет алады. Біз барымызды салдық және корейлік тарапқа осы жағдайда гуманистік шешім шығарғандары үшін алғыс білдіреміз", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Смадияровтың айтуынша, Қазақстанның басқа да азаматтары үшін сабақ болып, қашқындардың ісін қайталамауға кеңес берді.

"Себебі қарапайым туристер зардап шегеді - студенттер Оңтүстік Корея жеріне өте алмайды. Бұл істе оларды қаһарман көрудің қажеті жоқ, олар өз жазасын өтеді. Қарапайым қазақстандықтарға айтарым: басқа елге барғанда сол елдің ережелері мен заңдарын құрметтеңіздер. Үйіңізде қалай сақтасаңыз - қонақта жүргенде де солай жүріңіз, сізде ешқандай мәселе де туындамайды", - деді ол.

Айта кетейік, 25 наурызда 2002 және 2005 жылғы екі қазақстандық Кореға барған. Алайда құжаттардың дұрыс болмауына байланысты кедендік бақылау қызметкері оларды елге кіргізбей, депортациялау үшін күту залына жіберген. Ер адамдар рейсті күтіп отырып, әуежайдағы ұшу-қону алаңының маңындағы үш метрлік қоршаудан өтіп кеткен.

Кейін қазақстандықтардың бірі Тэджон қаласында дүкенде телефонын қуаттау кезінде ұсталған. Екіншісі ұстап берген адамдарға 30 миллион вон (10 миллион теңгеден аса) сыйақы тағайындалған еді.

Кейінірек қашқын жігіт Сеулдің көші-қон қызметіне өзі келді. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді, алайда оның өзі келуі жазасын жеңілдеткен.

Екеуі де кінәсін мойындап, табыс табуға келгендерін айтқан. Оңтүстік Корея полициясы оларға заңсыз шекарадан өту және қашу айыптарын таққан.

"Екеуіде Кореяда айыппұл төлеп, Отанға қайтады. Олар үш жылдық жазадан құтылды. Кім соңына дейін сыйынды, барлығына рақмет. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне, сондай-ақ Кореядағы консулдарға ерекше алғыс айтамыз", - деді адвокат Мейірман Шекеев.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!